Атырау, 26 қараша 03:02
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қарақшылық үшін - шартты мерзім

2 037 просмотра


№2 Атырау қалалық соты ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша үкім шығарды. Айыпталушылар орындығында биылғы жылдың наурызында «СинОйл» жанармай құю бекетінде қарақшылық шабуыл жасаған 27 жастағы жігіт пен оның 24 жастағы қайнысы отыр.

Іс материалдарына сүйенсек, 6 наурызда таңмен мұнайлы астананың тұрғыны әйелінің інісімен бірге Амандосов көшесіндегі жанармай құю бекетінің ғимаратына кіріп, кассир әйелді пышақпен және тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 790 мың теңгені алып кетеді. Кейінірек полиция оларды Оңтүстік Қазақстан облысында ұстады.

Қарақшылар кінәлі деп танылып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Фархат ӘБІЛОВ

15 маусым 2018, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.