Ресейде зейнет жасын ұзартуға қарсы петицияға небары үш күн ішінде миллионнан астам адам қол қойды. Президент пен премьер-министрге және Федералдық кеңеске жолданған бұл құжат change.org сайтына жария болды.
Өткен аптада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев әйелдердің зейнет жасы қазіргі 55 жастан 63 жасқа, ерлердің зейнет жасын 60 жастан 65 жасқа ұзарту туралы жобаны ортаға қойған.
Түсіндірме хатта айтылуынша, аталмыш жоба Ресейліктердің өмір сүру жасының ұзаруы мен зейнетақы алушылардың көбеюіне байланысты шығарылғаны айтылады.
Зейнет жасын жоғарлатуға қарсы құжатқа қол қойғандар: «Зейнет жасын ұзартуды жүзеге асыру – ресейліктердің басым көбі зейнет жасына жетпей қалады деген сөз», – деп ашуланды.
Қазір Ресей үкіметі зейнет жасын ұзартуды 2019 жылдан бастау туралы қарастыруда. Дегенмен, бұны уақытша деп түсіндіруде.
Айталық, ерлер үшін 2028 жылға дейін, ал әйелдерге 2034 жылға дейін. Үкімет тарабы бұл жобаны толықтай қолдап отыр. Ресейде 1990 жылдардан басталған демографиялық құлдыраудан кейін, жыл сайын зейнеткерлер саны өсуде, керісінше жұмыспен қамтылғандар саны азаюда.
Ел үкіметінің сөзіне сенсек, зейнет жасының ұзартылуы зейнетақының көбеюіне алып келеді делінеді.
Дереккөз: “The Qazaq Times”