Атырау, 25 желтоқсан 06:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Жеке басты куәландыратын құжаттарды кепілдікке алу үшін айыппұл енгізу ұсынылуда

2 469 просмотра

АСТАНА, 20 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Парламентінің Мәжілісі палатаның жалпы отырысында  «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады агенттіктің тілшісі парламенттен.

Заң жобасы еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындауды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады, делінген палатаның занама және соттық-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің тұжырымдамасында. 

«Осылайша, заң жобасының ережелеріне сәйкес  азаматтық құқықтық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігі, шетелдіктің тұруға құқық беретін және республикада тұрақты тұратын азаматтығы жоқ азаматтың жеке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты, Қазақстан Республикасының дипломатиялық төлқұжаты, Қазақстан Республикасының қызметтік  төлқұжаты, босқынның куәлігі, теңізшінің төлқұжаты, туу туралы куәліктер жатады», - деп түсінді  тиісті комитет.

Сонымен қатар, депутаттар  бірінші оқылымда «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын мақұлдады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

20 маусым 2012, 23:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.