Атырау, 30 қараша 07:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Үндістан АҚШ тауарларына салық салды

1 321 просмотра


Нью-Дели Вашингтонның шетелден импортталатын болат пен алюминийге салған салығына қарымта жауап қайтарып, 30 америкалық тауарға қосымша алым енгізді.

Үндістан тарапы бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымын да ескертті. The Indian Express газетінің жазуынша, салық Құрама Штаттардан келетін мотоцикл, темір, болат және бор қышқылы секілді өнімдерге салынбақ. 

Еске сала кетейік, президент Дональд Трамп наурыз айында АҚШ-қа әлемнің барлық елінен импортталатын болатқа – 25, ал алюминийге 10 пайыз салық салатыны туралы жариялады. Бұл өз кезегінде көптеген елдің наразылығын тудырды.

Дереккөз: 24.kz

18 маусым 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.