Атырау, 19 желтоқсан 06:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қытайға "кіріптар" Астананың "сақ" дипломатиясы», «Ерімбетовтің соты азаптау жайлы мәлімдемеден басталды», «”Бұғалтыр қателесіпті” Сағынтаев депутаттар алдында қара терге түсті», «”Сталинді атқаны үшін” сотталған қазақ туралы білесіз бе?».

2 626 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Байырғы тұрғындар көрген Астана» - 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Жоғарғы кеңесі ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылдады. Биліктің мұндай шешімі бүкіл ел ғана емес, облыс орталығы тұрғындарының да тағдырын өзгертті.

«"Бәйтерек" пойызы апатынан адам мерт болған» - Жамбыл облысында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, салдарынан бір адам мерт болып, тағы бірнешеуі зардап шекті деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет. Төтенше оқиғаның себебін тексеру үшін комиссия құрылған. Прокуратура пойыз апатына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Роухани ирандықтардың шетелдік БАҚ-қа сенетініне "таңғалды"» - Иран президенті Хассан Роухани отандық БАҚ-тың ел назарын аудара алмай отырғанын айтып, есесіне шетел баспасөзінің сенімді ақпарат көзіне айналғанын сынады.

«OCCRP ұйымының жаңа зерттеуінде кімдер бар?» - Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы(Organised Crime and Corruption Reporting Project, OCCRP) Дубайдағы инвестициялар мен жылжымайтын мүлік туралы зерттеуін жариялады. 

«Қытайға "кіріптар" Астананың "сақ" дипломатиясы» - Шыңжаңда қамауда отырған қазақтарды босатуға Астананың "абайлап" әрекет жасап жатқаны туралы жазған батыс баспасөзі Қазақстанның Қытайға кіріптарлығы ұлғайып бара жатқаны жайлы пікірлерді келтірген.

«Ерімбетовтің соты азаптау жайлы мәлімдемеден басталды» - Жеті айдан астам уақыт қамауда отырған қазақстандық кәсіпкер Ескендір Ерімбетовтің үстінен қозғалған "алаяқтық" ісі бойынша сот процесі басталды. Тұтқын істің "саяси астары бар" деп мәлімдейді. БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің командасы заңсыз шығарып әкеткен қаржының ізін жасыруға қатысы бар деген күдікпен бизнесменге қарсы қозғалған тағы бір іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ.

 INFORMBURO.KZ. «Қазақ қоғамында бала тәрбиесіндегі әженің рөлі қандай болған?» -  Бұрын ата-ана баланың бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіруді әжелеріне тапсыратын. Бүгінгі ұрпақтың көзқарасы өзгерген. 

JASQAZAQ.KZ. «Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр» - Алматыдағы екі театрдың әртістерін түгелдей болмаса да, біразын танып қалғанбыз. Ары ойланып, бері ойланып Айымторы деген есімді таба алмадық. Содан кейін ғаламторға жүгініп, газет тігінділерін ақтаруға тура келді. Таптық. Іздегеніміз Айымторы Тайғаринова есімі белгілі актриса болып шықты.

QAZAQUNI.KZ. «”Сталинді атқаны үшін” сотталған қазақ туралы білесіз бе?» - «Оn’tu’stіk Qazaqstan» газеті қазақтың басындағы қасаң жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған Ермекбай Пернебаевтың басынан кешкенін жазыпты. Ермекбай ақсақалдың тауқымет-тағдыры да бір кітапқа арқау боларлықтай екен.

365INFO.KZ. «”Бұғалтыр қателесіпті” Сағынтаев депутаттар алдында қара терге түсті» -Парламентте масқара болды. Қос палатаның бірлескен жиынында депутаттар Үкіметке шүйлікті. Анау-мынау емес, Үкімет басшысының өзін қаумалап, сұрақтың астына алды. 


18 маусым 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.