Мемлекет басшысының айтуынша, Түркия осы ғылыми базаның арқасында Антарктикада полярлық станциялары бар елдер қатарына кіреді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган Анкараның Антарктикада ғылыми база салғалы жатқанын хабарлады. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды.
Сондай-ақ, ол бұл жобаны 2019 жылы жүзеге асыратынын айтты.
Дереккөз: Baq.kz