Атырау, 26 қараша 02:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қате диагноздан бір омырауды кесіп тастап, 6 млн төлейтін болды

3 168 просмотра


Атырау тұрғыны У. №2 қалалық емхана мен облыстық онкологиялық диспансерге қатысты 3 млн 422 мың теңге көлемінде тигізілген материалдық шығындар мен 20 млн теңге көлемінде тигізілген моралдық зиянды өтеу туралы сотқа талап арыз берді. Сот шешімі бойынша ол 6 миллион 130 мың теңге алатын болды.

Осы азаматтық іс материалдарына сүйенсек, 2016 жылдың наурызында әйел емханаға оң жақ омырауының ауырғанына шағымданып барған. Ондағылар ауру диагнозын дәл қоя алмаған.  Ал оның жағдайы нашарлап, ол онкологиялық диспансерге түседі.  Шұғыл биопсия жасалып, Атырау сот сараптама институтының қызметкерлері оң жақ сүт безінің қатерлі ісігі деп тапқан.  Алайда, бұдан әрі Астраханда тексерілген кезде,  бұл диагноз расталмаған.

«Емхананың, онкологиялық диспансер дәрігерлерінің тікелей міндеттерін тиісінше орындамауы, Атырау сот сараптама институты қызметкерлерінің қате анализ жасауы асқынған іріңді-шіру процесінің күшеюіне және органнан айырылуына тікелей себеп болды», деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.  

Талап арыз берушінің пайдасына №2 емхана мен облыстық онкологиялық диспансерден 3 млн 130 мың теңге материалдық шығын және 3 млн көлемінде моралдық залал өндірілетін болды. Сот шешімі заңды күшіне енді. Кінәлі дәрігерлерге қатысты қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілуде.  

Фархат ӘБІЛОВ

15 маусым 2018, 19:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.