Атырау, 30 қараша 07:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Германия үкіметі қиын кезеңді бастан кешуде

2 202 просмотра


Бавариялық христиан-әлеуметтік одағы Германия канцлері Ангела Меркельдің Христиан-демократиялық одағы коалициясынан шығып кетуі мүмкін. 

Мұндай қадамға баруға елдегі көші-қон саясатына қатысты қарама-қайшылықтар түрткі болды. Олар заңсыз миграция санын азайту үшін шаралар қолдануды және босқындар әлеуметтік мәртебе алғанға дейін арнайы орталықтарға көшірілгенін талап етті. Христиан-әлеуметтік одағы басшысы Германияның ішкі істер министрі осы мәселені шешу үшін арнайы жоба ұсынған. 

Алайда Ангела Меркель бұл жобаны жалпыеуропалық миграция заңнамасына сәйкес емес деп қабылдамай қойған. Бұл шешімді коалицияның серіктесі Германияның әлеуметтік-демократиялық партиясы да қолдайды. Айта кету керек, елдің үкіметтік коалициясын құруға 6 айдай уақыт кеткен еді.

Дереккөз: 24.kz

15 маусым 2018, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.