14 маусымда Индербор аудан орталығында Жайыққа жергілікті колледждің 18 жастағы студенті батып кетті. Дене судан шығарылды. Өткен жылы өзеннің осы жерінен 5 адам ажал құшқан болатын.
*****
Облыстық ІІД ҰҚКБ қызметкерлері «Балауса» ықшам ауданында көлікті тоқтатып, ішінен 35 кг бекіре балығын тапты. Сәл кейінірек Химпоселкеде басқа көлікті тексеру кезінде 85 кг бекіре балығы табылды. Екі фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА