Бір күн бұрын, Канада Қауымдар палатасы Иранмен болған дипломатиялық байланысты мүлде тоқтатуға шешім қабылдады. Бұған дейін Канада үкіметінде Иранмен болған дипломатиялық қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру жобалары талқыланып жатқан болатын. Бұл туралы «Фарс» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Хабарға қарағанда, Оттава билігі Теһранмен (Тегеран) дипломатияны қалпына келтіруге бағытталған барлық, келіссөздерді тоқтатқан. Бұл шешім екі елдегі БАҚ-та күшті таңданыс тудырған тақырыпқа айналды.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Трамп бірер апта бұрын, Иранға қарсы мәлімдеме жасаған. Онда Иранмен сауда байланыстарын сақтауға тырысатын өз одақтастарының да санкция соққысынан аман қалмайтынын ескерткен.
Бұған байланысты сарапшылар, еуропалық компаниялар АҚШ-тағы кең базардан айырылып қалмас үшін, Иранмен сауда қатынасынан бас тартуы мүмкін деген болжам айтқан.
Дереккөз: “The Qazaq Times”