Атырау, 30 қараша 07:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Беларусь парламенті "жалған хабар" таратуға қарсы заң қабылдады

1 962 просмотра


Беларусь парламентінің төменгі палатасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңға түзетулер мен өзгерістер енгізу жобасын қабылдады. Заң жобасы Беларусь журналистері ассоциациясының, тәуелсіз БАҚ пен құқық қорғаушылардың сынына ұшырады.

Құжатта интернетте "жалған" ақпарат таратқандарды жауапқа тарту қарастырылған. Бұл ереже әлеуметтік желілердегі комментарийлерге қатысты да қолданылады. Билік сонымен қатар жалған ақпарат таратты деп таныған сайттарды бұғаттай алмақ.

Беларусь билігі бұл заң арқылы "жалған хабармен" (fake news) күресетінін айтады. Парламенттің БАҚ жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Валентина Ражанец заң жобасын қабылдау "мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтардың толық, дұрыс әрі соңғы ақпараттарды алу құқығын іске асыратынын" айтады. Оның сөзінше, заң жобасын екінші оқылымда талқылау кезінде оған ақпарат министрлігінің интернет ресурстарын бұғаттау туралы шешіміне сот арқылы шағымдану мүмкіндігі туралы бап қосылды.

Заң жобасын халықаралық журналистік ұйымдар сынады. Олар Беларусь билігінің мақсаты - "жалған хабармен" күресу емес, сөз бостандығын одан ары шектеу деп біледі.

Дереккөз: azattyq.org

15 маусым 2018, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.