AZATTYQ.ORG. «Жергілікті әкімдерді төте сайлауды сенат қолдамады» - Парламент сенаты аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау жүйесін енгізуді ұсынатын конституциялық заң жобасын мәжіліске кері қайтарды.
«ҰБТ-2018: Қалай өтеді? Биылғы өзгеріс қандай?» - ҰБТ маусымның 20-сы мен шілденің бірі аралығында 15-ші рет өтеді. Тест тапсырмаларының былтырғы дау тудырған тұстары биыл жетілдіріліп, түзетілген.
ABAI.KZ. «Біз қытайға емес, Қытай бізге қарыз шығар» - Төмендегі мына бір кесте әлеуметтік желілерді шарлап жүр.Аккаунт иесі – Асхат Демократ деген азамат. Асхат парақшасына кестені іліп, оған «Өз жерімізде қонақ боп жүргеніміз деген осы шығар» деп жазыпты. Желіде Асхатты қолдаушылардың қарасы өте көп.
AIKYN.KZ. «Еркінбек Шоқай: Мен қалай қари болдым?» - Мұсылман қауым отыз күн оразадан соң, берекелі мереке – Ораза айтты тойлайды. Бұл – парызын өтеген мүміннің шүкірі іспеттес. Құран айымен қоштасар тұста еліміздегі белгілі қари, Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқаймен сұхбаттасқан едік. Кейіпкеріміз қари болудың қыр-сырымен бөлісіп қана қоймай, бірқатар кеңестерін де атап өтті.
«Кітап культі керек-ақ!» - Кітап оқыған адамның көкжиегі кең болады. Кітап оқыған адамның санасы да, адамдық сапасы да дұрыс болады. Қазіргі ақпараттық жаһандану заманында қазақ баласы біліммен қарулану керек. Кітапханаларды жаңғыртып, оқырман мәдениетін қалыптастыру – «Нұр Отан» партиясы ұсынған 22 жаңа жобаның бірі.
EGEMEN.KZ. «”Minecraft”: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?» - Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?
ULT.KZ. «Фонограммамен халықты алдайтындарға заңмен тосқауыл қойылу керек» - Аузы бардың бәрі әнші. Дауыстың керегі жоқ. Тіпті үй жануарларының да дауысын жазып алып, музыкамен сүйемелдеп, керемет хит жасап жатқандар бар. Бүгінде тілі «р»-ға әрең келетін баладан бастап микрафонға жармасады.
TODAY.KZ. «ҚР-да шенеуніктерді қысқарту деген не?» - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мемлекеттік органдардың жарты қызметі бәсекелес ортаға берілетін заң жобасын мақұлдады
«Мен барған үш жазғы тілдік курс: шетелде жүріп шет тілін үйрене алдым ба» - Қазақстанда соңғы он жылда парамен ұсталған шенеуніктердің қазіргі жай-күйі» - Today.kz редакциясы Қазақстанда соңғы 10 жылда парамен ұсталған министрлер мен олардың орынбасарларын еске түсіріп көрді.