Атырау, 27 сәуір 15:49
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Ресей құрамасы мундиальдың бірінші кездесуінде Сауд Арабиясын ірі есеппен жеңді

Бейнежазба
1 104 просмотра


Ресей құрамасы мудиальдың бірінші кездесуінде Сауд Арабиясын ірі есеппен жеңді. 14 маусымда Мәскеудегі "лужники" стадионында өткен матчта Станислав Черчесовтың шәкірттері 5:0 есебімен жеңіске жетті.  

Гол соққандар: Юрий Газинский (12-ші минут), Денис Черышев, дубль жасаған (бірінші 43-ші минутта, екіншісі екінші таймның қосалқы уақытында), Артем Дзюба (71-ші) және Александр Головин (90-шы + 4).   "Ғажайып! Адам сенгісіз! Мұндайды ешкім күтпеген, нағыз ғажап!", - деп жатты "Матч-ТВ" телеарнасының комментаторлары. 

Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Денис Черышев үздік ойыншы атанды. Ол алаңға Алан Дзаговтың орнына 24 минутта шықан еді. Келесі матчын ресейліктер 19 маусымда Мысыр құрамасына қарсы Санкт-Петербургте өткізеді. Сауд Арабиясы 20 маусымда Дондағы Ростовта Уругваймен кездеседі.


Дереккөз: tengrinews.kz

15 маусым 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.