Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік министрі қызметінен алынды
1 930 просмотра
Түркіменстандық TDH агенттігінің хабарлауынша, Байрамов "жұмысында үлкен кемшіліктер жібергені үшін" қызметінен босатылып, полковник әскери шені майор шеніне дейін төмендетілген. Ұлттық қауіпсіздік министрі болып осыған дейін қорғаныс министрлігін басқарған Яйлым Бердыев тағайындалған.
Өткен айдың соңында Байрамов авторитар президент Гурбангулы Бердімұхамедовтен "кадр таңдау мен тағайындауда кемшілік жібергені үшін" қатаң сөгіс алған.