Ресейлік режиссер Станислав Говорухин 82 жасында өмірден өтті. Бұл туралы мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин пленарлық отырыста айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
«Сағат 10:37-де «Барвиха» шипажайында ауыр әрі созылмалы дерт салдарынан біздің әріптесіміз Станислав Сергеевич Говорухин қайтыс болды. Ол соңына дейін күресті, бірақ дерт оны жеңіп кетті», - деді Володин.
Депутаттар бір минут үнсіздік жариялап, кинематографистті еске алды. Оның қашан және қай жерде жерленетіні кейінірек белгілі болады.
Станислав Говорухин көпсериялы «Место встречи изменить нельзя» фильмі арқылы танымал. Ол 1993 жылы мемлекеттік думаның депутаты болып сайланып, 2011 жылы мәдениет бойынша комитет басшысы болды. 2006 жылы кинематографист Ресей халық әртісі атағын алды.
Дереккөз: Baq.kz