Атырау, 4 маусым 00:55
 дождьВ Атырау +18.7
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

​Tesla компаниясы 4 мың адамды жұмыстан қысқартады

2 388 рет қаралды


АҚШ-тың Tesla компаниясы қызметкерлерінің 9 пайызын жұмыстан шығармақ. 

Шамамен 4 мыңға жуық адам қызметінен айырылайын деп отыр. Компания басшысы Илон Масктың айтуынша, бұл қадам шығынды азайтып, соңғы модельдегі көлік санын көбейту мақсатында жасалып отыр. 

Сондай-ақ мекеменің басқару құрылымы да өзгертілмек. 2018 жылдың алғашқы үш айында Tesla-ға 710 миллион доллар көлемінде шығын келген. The Wall Street Journal дерегі бойынша, компания осымен бесінші мәрте қомақты қаржы жоғалтып отыр.

Дереккөз: 24.kz

14 маусым 2018, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.