Атырау, 30 қараша 07:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Түркияда «Трансанатолия» газ құбыры іске қосылды

1 467 просмотра


Түркияның Ескишехир қаласында «Трансанатолия» газ құбырының іске қосылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Түркия, Әзербайжан, Сербия мен Украинаның Мемлекет басшылары қатысты. Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген түрік елінің президенті ауқымды жобаның құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, халық игілігі үшін қолданысқа берілгенін зор қуанышпен жеткізді.

Атап өту керек, ТАНАП магистралімен Әзербайжан көгілдір отыны Грузия мен Түркия арқылы Еуропа елдеріне тасымалданады. Газ құбырының бастапқы жылдық қуаты 16 миллиард текше метр деп белгіленді, кейін оның көлемі еселенуі мүмкін. 

Естеріңізге саламыз, 4 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев түркиялық әріптесі Режеп Тайып Ердоғанды Трансанатолия газ құбырының іске қосылатындығымен ең алғашқылардың бірі болып құттықтады. Қазақстан Президенті бұл жобаның Түркия Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізіп, елдің экономикалық дамуына зор ықпал ететініне сенім білдірді. 

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті: 

- Бұл жобаның бастапқы қуаты жылына 16 миллиард текше метр. Оның 6 миллиард текше метр газы Түркияға, 10 миллиарды Еуропаға тасымалданады. Сұранысқа байланысты бұл көлемді алдымен 22 миллиард текше метрге, одан соң 31 миллиардқа шығару жоспарда бар. Грекияға алғашқы газымызды 2019 жылдың маусым айында жеткізуді мақсат етіп отырмыз.

Дереккөз: 24.kz

14 маусым 2018, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.