Атырау, 19 желтоқсан 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Миқұрт (менингит) кеселі. Бұған дейін де болып тұратын дерт төңірегінде неге шу шықты?», «Билік, Мұхтарды бұлай жеңе алмайсың…», «Турист тура жолдан ауытқыса...», «Профессор Коллинс: "Шыңжаң – Тибет емес"», «Латын әліпбиі: тәжірибе мен тағылым».

2 416 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Тұңғыш президент атындағы алаң – туған күніне тарту ма?» - Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласының бас алаңын тұңғыш президенттің құрметіне атауды ұйғарған. Әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі әзірше күшіне енген жоқ, бірақ аймақ әкімдігінің ресми сайтында алаң қазірдің өзінде жаңа атаумен көрсетілген.

«Профессор Коллинс: "Шыңжаң – Тибет емес"» - Қытайдың Шыңжаң қазақтарын саяси тәрбиелеу орталықтарына қамау науқаны мен осы аймақтан Қазақстанға көшкен этникалық қазақтардың зейнетақы мәселесі соңғы айларда әлеуметтік желілерде жиі талқыланып жатыр. Азаттық Астанадағы Назарбаев университетінің саясаттанушысы, Қытайдың саясатын зерттеп жүрген профессор Нил Коллинспен синофобияның себебі және Шыңжаңдағы мәселені шешу жолдары туралы сұхбаттасты.

«"Пара алды" деп айыпталған судья төрт жарым жылға сотталды» - Сот Шымкентте мектеп директорынан «500 мың теңге пара алды» деп айыпталған судьяны төрт жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Айыбын мойындамаған ол апелляциялық шағым түсіретінін айтады.

TURKYSTAN.KZ. «Турист тура жолдан ауытқыса...» - Өткен жексенбіде Алматы облысында тауға демалуға шыққан ресейлік 8 туристің біреуі мерт болды. Ақсу өзеніне құлап, суға батып кеткен шетелдікті серіктері құтқара алмаған.

«Ұлт қайрағына айналған тұлға» - ХХ ғасырдың басын қазақ тарихындағы қоғамның ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлт зиялыларының алтын кезеңі деуге болды. Осы ардақтылар тобының арасында ұлтымыз үшін бірден бір дұрыс жолды таңдаған Алаш ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің орны ерекше.

«Емле ережесі ермек емес» - Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиіне көшудің ғылыми-тәжірибелік негіздері» деген тақырыпта республикалық конференция өтті.

DALANEWS.KZ.  «Билік, Мұхтарды бұлай жеңе алмайсың…» - Шетелде бой тасалап жүрген Мұхтар Әблязов тыным табар емес. Биліктің былығын айтыпты кезекті рет. Жүйемен әлеуметтік желі арқылы күресуге көшкен Мұхтар тағы үндеу жасапты деп жазады DalaNews.kz. Біз не дейміз? 

INFORMBURO.KZ. «Миқұрт (менингит) кеселі. Бұған дейін де болып тұратын дерт төңірегінде неге шу шықты?» - Елімізде жыл басынан бері 60 адам менингококк инфекциясын жұқтырған. Дәрігерлер 13 адамның жанын тетеден келген ажалдан алып қала алмады.

EGEMEN.KZ. «Латын әліпбиі: тәжірибе мен тағылым» - Қазіргі өзекті мәселелердің қатарында латын әліпбиіне көшу ісі тұр. Латын әліпбиіне ауысу – сауаттылыққа салқынын тигізбей, оңай қабылданып, түпкілікті оңтайлы нұсқасына тоқталуда әлі де талқылаулар толастамақ емес.

365INFO.KZ. «Әке қайдасың?» - Кәрімов өмірден өткесін оның жақын-жұрағатының басынан бақ тайған сыңайлы. Кәрімовтың үлкен қызы Гүлнәрдың дәулетіне таласып жатқан топтардың ештеңеден тайынбайтын түрі бар. 


14 маусым 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.