Атырау, 25 желтоқсан 06:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Вагоның жайлы ма, біліп ал!

2 661 просмотра

Атырауға каникулға немерелерін әкелген  алматылық Тамаша Айтқожина жайсыз жағдайға тап болған. «Алматыдан жайлы пойызбен Атырауға бару үшін жүрдек қытай пойызына билет алғанбыз. Ал, біздің қолымызға ескі, лас пойыздың билетін берген болып шықты. Билетті 41-ші пойызға алғанымызбен, 29-шы пойызбен бардық. Бұл туралы бізге ешкім ештеңе ескерткен жоқ», - дейді Атырауға келген Т.Айтқожина.

№14 вагонның барлық 18 жолаушысы өздерінің шағымдарын ұсыныстар мен шағымдар кітапшасында жазып қалдырды. Таза әрі жайлы вагондармен барамыз деген адамдар ескі, орындықтары жыртық, желдеткіштері жұмыс жасамайтын (мына ыстықта!) және әжетханалары антисанитарлық күйдегі  вагондарға тап келген.

Осы жағдайға қатысты түсінікті біз Атырау теміржол стансасының бастығы Гүлсім БИТАШЕВАДАН алдық:

- Бір түсінбестік жағдай орын алды. Оның мәнісі сол, №29/30 жолаушылар пойызы мамыр айының аяғында тоқтатылды. Сондықтан да бұл жолаушы қалай болғанда да №41-42 пойызбен келген. Бұл маршрутты 4 қытай вагоны және бір ескі вагондардан құралған бес күнде бір рет жүретін пойыз қамтамасыз етеді. Шамасы, біздің алматылық әріптестеріміз адамдарға сол күні әдеттегі пойыздың жүретіндігін ескертпеген болып отыр. Сондықтан да қытайдың пойызымен жүруді таңдаған жолаушыларымыз осындай келеңсіздіктер туындамауы үшін билетті сатып алған кезде бәрін анықтап алғандары жөн.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 маусым 2012, 21:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.