Атырау, 30 қараша 07:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Brexit: Ұлыбритания экономикасы құлдырай бастады

2 117 просмотра


Шетелдік инвестициялар туралы жүргізілген соңғы зерттеулер нәтижесінде Ұлыбритания экономикасының құлдырай бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап.

2017 жылдың есебінде Brexit-тің Ұлыбритания экономикасына едәуір залал келтіргені айтылған. Инвестициялардың төмендеуі, әсіресе, қаржы мен бизнес-қызметтер саласында ерекше байқалған.

Еуропа бойынша инвестициялық ағымды зерттейтін EY Attractiveness Report ұйымының есебінде Ұлыбританияға кірген инвестицияның цифрлық инвестициялардың 22 пайызға арту есебінен 2017 жылы 6 пайызға өскені айтылады. Дегенмен, 2017 жылы Ұлыбританиядан сыртқа кеткен инвестицияның өсімі едәуір көбейген. Нақтырақ айтсақ, былтыр 464 инвестиция мемлекетті тастап кеткен. Бұл көрсеткіш оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп. Былтыр мемлекеттен кеткен инвестицияның 110-ы Германияға, 79-ы Францияға кеткен болып шықты.

Фирмалардың бухгалтерлік есептері негізінде жүргізілген зерттеулерге сенсек, қаржы саласында мемлекеттен кеткен инвестициялық жобалар бір жылда 93 пайызға көбейген. Ал бизнес саласында 7 пайызға өсім байқалған.

Ұйым баяндамасында фирмалар бәсекеге қабілетті Еуропаға кетуге талпынып жатқаны айтылады. Себебі Ұлыбританияда қалу ортақ нарықтан шығу керектігін көрсетеді.

Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды қала ретінде Париж танылған. 2004 жылдан бері бұл орында тек Лондонның аты аталатын еді.

EY есебіне сенсек, Ұлыбританияда кеміген қаржы саласындағы инвестициялық жобалар Еуроодақта 13 пайызға артқан.

2017 жылдың желтоқсан айында Ұлыбритания өнеркәсібі конфедерациясының президенті Пол Дрешслер Брексит компанияларға ең нашар болжамдарға дайындала беру керектігін мәлімдеген болатын. Ал сарапшылардың айтуынша, Ұлыбританиядан кеткен 464 жоба шетелдерде 20 мың жұмыс орнын ашады.

Дереккөз: Baq.kz

14 маусым 2018, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.