Атырау, 25 желтоқсан 07:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сержанттардың сызбасы шаршатты

2 206 просмотра

Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік соты  құқық қорғау  органдары өкілдерімен кездесіп, әкімшілік істерді сотта қарауда туындайтын кедергілерді талқыға салды.

 Қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Фатима АНСАРИЕВАНЫҢ айтуынша құқық қорғау органдарының сотқа жіберілетін хаттамаларды дұрыс толтырмауы, істің жан-жақты көрсетілмеуі салдарынан сот көптеген істі кері қайтаруға мәжбүр болып отырады.

- Мәселен, тек биылғы жылғы 5 айда түскен 4 429 істің  127 шала  жасақталғандықтан кері қайтарылды, - деп мәлімдеді ол дөңгелек үстелде.

Атырау қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының  төрағасы Базарғали ҚАДЫРҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, жол полициясы қызметкерлері сызған жол-көлік оқиғасы сызбасы судьялардың басын қатырып болған.

- Бізге келген сарапшылар да «Ақтөбе мен Оралдан сызба келгенде қуанамыз, ал Атыраудан сызбалар келіп түскенде естеріміз танады» дейді. Олардың айтуынша Ақтөбеде және басқа  қалалар да сызбаны офицерлер дайындайды. Ал Атырауда неге сержанттар сызады? Оны көбіне өздерің де түсінбейсіңдер. Ақтөбенің тәжірибесін алуға болмай ма? Бұл мәселені қалай шешуге болады? - деді шарасызданған төраға жол полициясы басқармасы өкіліне қарап.

Жиынға қатысқан соттардың сөзіне сүйенсек сотқа жететін материалдардың толыққандылығына құқық бұзушылармен кездесетін, істі тергеп-тексеретін ішкі  істер органы өкілдері жауапты болуы тиіс.

- Әкімшілік құқық бұзушылыққа шетел азаматтары тартылған жағдайда, көп ретте олардың құқығы сақталмай жатады. Оларға не аудармашы, не қорғаушы берілмей  хаттама толтырылады, айыппұл салынады. Бұндай істі қалай қараймыз? - деді ол.

Ал, көші-қон полициясы  өкілі болса аяқ асты қорғаушыны қайдан табамыз деп қиналды.

Бұдан басқа кеден, салық органдары саласындағы сотқа  жолданған материалдардың сапасы да соттар тарапынан сынға түсті.

Сәния ТОЙКЕН

20 маусым 2012, 21:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.