Атырау, 30 қараша 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Тбилисиде демонстранттар жетекшісі қамауға алынды

1 390 просмотра


Грузияда премьер-министр мен үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен жаппай қарсылық акцияларын ұйымдастырушылардың бірі Звиад Куправа 14 тәулік әкімшілік қамауға алынды. Тбилиси қалалық соты оны ұсақ бұзақылық жасады және полицияның заңды талабына бағынбады деп айыптады. Оппозиция лидерлері Куправаға шығарылған үкімді "биліктің саяси кек алуы" деп біледі.

"Өлтірме" қозғалысының жетекшісі Звиад Куправа бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің ең белсенді жақтастарының бірі саналады. Куправа 11 маусым күні ол былтыр желтоқсанда қалада кісі қолынан қаза болған екі жасөспірімнің бірінің әкесін қолдап ұйымдастырған акцияда тұтқындалған. Қаза тапқан жасөспірімдердің бірінің әкесі Заза Саралидзе мен оның жақтастары бас прокурор мен прокуратураның басқа да қызметкерлері қылмыс жасаған адамдарды қорғаштап отыр және айғақтарды жойып жіберді деп, үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп келген.

Наразылық акциясында Звиад Куправа полицейлерді демонстранттарға кедергі келтірмеуге көндірмек болған. Бірақ полицейлер оны ұстап, ұсақ бұзақылық жасады деп айыптап, сотқа апарды.

Оппозициялық "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы саяси кеңесінің төрағасы Ника Мелия сот шешімін "биліктің саяси бассыздық жасауы" деп бағалады.

Грузия парламентінде қаладағы екі жасөспірімнің қазасын тергеу жөніндегі комиссия жұмысын бастауына байланысты Тбилисиде 12 маусымнан бастап қарсылық акциялары тоқтатылды.

Дереккөз: azattyq.org

12 маусым 2018, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.