Ағымдағы жылы құны 3 млрд 33 млн теңге болатын «Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының қалаішілік көлік жолдарын қалпына келтіру (1-кезең)» жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталады.
Жоба Шұғыла, СМП-615, Самал, Мұрагер, Солтүстік әуежай, Оңтүстік әуежай, Думан, Достық, Бірлік, Барлаушы, Атамұра, Автодорожник, №2 және 5 «а» ықшамаудандарындағы көшелер мен өткелдерді асфальттауды қамтиды.
Тендер материалдарында Құлсары қаласының ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі дайындаған ақаулықтар тізімдемесі бар, онда, атап айтқанда:
«Барлық жерде жол жабынының түгел тозғаны байқалады, жол белгілері мен таңбалары жоқ... Күзгі-көктемгі лайсаң кезеңінде жолдардан өту мүмкін болмай қалады» делінген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ