Қырғызстанды менингит меңдеді деген хабар тарады. Елге түрлі мессенджер арқылы жеткізіліп жатқан ескертуден кейін, тұрғындар тысқа шығудан шошынып қалыпты.
Бұл туралы ел басылымдары жарыса жазуда. Тіпті, Қазақстаннан тараған жұқпалы дерттен 2 сәби жұмыпты-мыс. Алайда Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметтердің барлығын жоққа шығарды.
Айтуларынша, жыл басынан бері көрші елде 12 адам қауіпті дертке шалдыққан екен. Алайда көз жұмғандар жоқ. Сондықтан дәрігерлер елді сабырға шақырып, жалған мәлімет таратқандарды жауапкершілікке тартуды талап етуде. Қазақстанда небәрі жарты жылда 13 адам менигиттен қаза тапқан. Оның алтауы 14 жасқа толмаған жеткіншектер.
Дереккөз: “The Qazaq Times"