Атырау облысында Құрманғазы аудандық соты аудан орталығының 21 жастағы тұрғынына ҚР ҚК 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену») бойынша үкім шығарды.
Өткен жылдың аяғында жігіт көлік жуатын орын маңынан 5,45 мм калибрлі оқ-дәрілік патрон (1974 жылы КСРО-да Калашников автоматының 1949 жылғы 7,62 патронын ауыстыру үшін жасалған) тауып алып, үйіне әкеледі. Онысы бекер болды. Бірнеше айдан кейін, яғни, биылғы 13 сәуірде оның «достарының» бірінің жасырын мәлімдемесі бойынша жүргізілген тінту барысында осы жалғыз патронды тауып алды. Сот оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын берді.
Фархат ӘБІЛОВ