Сейсенбі күні Сингапурде АҚШ президенті Дональд Трамп пен солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ын ядролық қарусыздандыру процесін бастайтын бірлескен келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ренхап.
Трамп Киммен болашақта Вашингтон мен Пхеньян арасында қарым-қатынасқа әсер етпейтін «өзгеше байланыс» орнатқанын мәлім етті.
«Солтүстік Кореямен қарым-қатынас бұрынғыдан өзгеше болады», - деді Трамп құжатқа қол қою рәсімінен кейін.
Өз кезегінде, Ким әлемнің үлкен өзгерістерге куә болатынын атап өтіп, «тараптардың өткенді өткен шақта қалдыру туралы шешім қабылдағанын» тілге тиек етті.
АҚШ президенті ядролық қарусыздандыру процесінің таяуда басталатынын уәде етіп, Солтүстік Корея көшбасшысымен қайта кездесуге үміттенетінін білдірді.
Оның айтуынша, кездесу Ақ үйде өтуі мүмкін. Трамп құжаттағы ақпараттарды айтқан жоқ, бірақ БАҚ-қа арналған брифингте егжей-тегжейлі хабарлайтынын атап өтті.
Ренхап агенттігі атап өтуінше, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы саммит - шынында тарихи оқиға.
Бұдан бұрын АҚШ пен Солтүстік Кореяның Сингапурда Сентос курорттық аралындағы Capella қонақүйінде шағын және кеңейтілген форматта кездесу өткізгені хабарланған еді.
Дереккөз: inform.kz