Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы 2017 жылы құрылысы басталған 400 орындық мәдениет үйінің жұмысы іргетасы қаланған күйі тұрып қалды. Бүгінде ол жерде күзетшіден басқа жанды кездестірмейсің. Ал мәдениет қызметкерлері көптеген жылдардан бері жергілікті мектептің бір бөлмесінде отыр.
Облыстық бюджеттен 301 млн теңге бөлінді, тапсырыс беруші – құрылыс басқармасы. Бас мердігер – көрші Ақтөбе облысында тіркелген «Авто Строй Консалтинг» ЖШС осы соманың 100 миллионнан астамын игерген.
Облыстық құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мерей ЖАНТӨРЕЕВ:
- Басында нысанды 2018 жылдың бірінші жартысында тапсыру жоспарланған еді, кейін бұр мерзім тамызға шегерілді. Алайда мердігер мекеменің жұмысты нашар ұйымдастыруына байланысты бәрібір бұл мерзімге үлгермейді. Нысанды уақытында тапсырмаса, мердігерді жосықсыз тану жөнінде сотқа талап арыз береміз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА