Атырау, 26 қараша 03:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жасыл-желектер бойынша болжам

4 774 просмотра


Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар бюросы Атырау филиалының басшысы Ізбасар Қабиевтың пікірінше, бүгінгі күні мұнайлы астанада жапырақ жегі дернәсілдерімен зақымдалған жасыл-желектер 10-15 пайызды құрайды. Ал алдымызда қырық градустық аптап ыстық пен жаңбыр жаумайтын маусым болғандықтан, мұндай жағдайды зиянкестер үшін жұмақ деп атауға болады.

Ал қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Ақесен ИБРАГИМОВ айтуынша, биыл Атырауда жасыл-желектерді фитосанитариялық өңдеуге 21,2 миллион теңге бөлінген, бұл 2017 жылға қарағанда 17 миллионға аз. 9 сәуірде тендер қорытындысы бойынша «Дезинфекция» медициналық мекемесімен келісімшарт жасалды.

- Зақымдану ошақтары анықталды, жалпы 35 гектар аумақта жасыл желектерді жапырақ жегіден өңдеу жоспарланып жатыр, - дейді Ибрагимов. - Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, жасыл желектерді бір мәрте түгел өңдеу жұмыстары жүргізілді. Мұндай жұмыстарды тағы да 5 маусымнан 20 маусымға дейінгі және 10 шілдеден 15 тамызға дейінгі аралықта жүргіземіз.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жапырақ жегімен қарағаш жапырақтарының 100%-ы дерлік зақымданған еді. 2017 жылдың наурызында жасыл желектерді сауықтыру үшін коммуналдық қызметкерлер ағаштарды санитарлық мақсатта қырқып тастап, қала тұрғындарын абыржытып тастаған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 маусым 2018, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.