Атырау, 19 желтоқсан 05:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Дәурен Абаевтың түсінігіндегі сөз бостандығы», «Бақыт Ибрагим жайлы жауабы жоқ сұрақтар», «Қажыгелдин: “Назарбаевқа баяғыдан бері айтып келем”», «Қасымовтың уәдесі орындалды ма?», «Қытайдың маңайындағы елдерге қолданар айласы».

2 222 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Дәурен Абаевтың түсінігіндегі сөз бостандығы» - Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайын «он балдық өлшеммен алғанда жеті-сегіз баллға тең" деп бағалайды.

«Бақыт Ибрагим жайлы жауабы жоқ сұрақтар» - Германиядан экстрадицияланған қазақстандық банкир әрі премьер-министрдің "күйеубаласы" аталатын Бақыт Ибрагим тұлғасына қатысты жауаптан сұрақ көп. Экстрадициядан кейін Ибрагимнің ізі жоғалып кетті. Астанадағы тергеу абақтысы өкілдері "бізге әкелінбеді" десе, күдікті жеткізілуі мүмкін Алматы тергеу абақтысында Ибрагим әлі жоқ.

«Қытайдың маңайындағы елдерге қолданар айласы» - Батыс баспасөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Циндаодағы саммиті қарсаңында Орталық Азиядағы Қытай ықпалы туралы бірнеше мақала шықты. Оларда Пекиннің өз перифериясы ретінде қарастыратын елдердің элитасына қолданатын "қамшы мен арбау" саясаты туралы да жазған.

«"Мұғалімдерді ұрған" шенеунікті тексеріп жатыр» - Түркіменстанның Дашогуз облысында "мұғалімдерді ұлттық киім киюге мәжбүрледі" деп күдікке ілінген облыс әкімі орынбасарының жұмысын прокуратура тексере бастағаны хабарланды.

DALANEWS.KZ.  «Қажыгелдин: “Назарбаевқа баяғыдан бері айтып келем”» - Малайзияның премьер-министрі  Наджиб Разак биліктен айырылды ақыры. Халықтың ақшасын қылғытты, Ұлттық инвестициялық қордың миллиардтаған долларын оңды-солды шашты деп айыпталып отыр. 

INFORMBURO.KZ. «Садақаны кімге, қалай берген дұрыс? Нысап, күпірлік және садақаның байланысы» - Қазақ – жетімі мен жесірін жылатпаған, нысап пен нығметті, күпір мен кәуірді, обал мен сауапты жетік білген және оны әр ұрпағының санасына сіңірген текті халық.

AIKYN.KZ. «Қасымовтың уәдесі орындалды ма?» - Министр болған соң қандай да бір шаруаға уәде береді. Орындалса – бәрекелді айтасың, орындалмаса – реніш танытасың. Бірінші кезекте, оның уәдесінің орындалмауы – өзі басқарып отырған сала жұмысына тікелей әсер етеді. Бұл жолғы кейіпкеріміз – Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. 

«Жәңгір ханның ажалы неден болды?» - Ақпарат саласының ақ семсері Шерхан Мұртаза 1990 жылы мені Өзбекәлі Жәнібековтің үйіне жұмсап жіберді. «Бар да сөйлес!». Бар әңгіме де, бұйрық та осы. Өз-Аға үйінде түйе жүн шекпенін желбегей жамылып отыр екен. Екі сағаттай емін-еркін әңгіме-дүкен құрдық. Көп нәрсе айтылды. Сөз арасында Өзбекәлі ағамыз маған «Жәңгір ханды білесің бе?» деп сұрақ қойды. Махамбеттің «Хан емессің, қасқырсың» деп келетін өлең жолын бәріміз білеміз ғой. Соны айтқан болдым. Ойланып қалды. Іле «Сен Жәңгір ханның қалай өлгенін білесің бе?» деп қайыра сұрады. Сөйтті де өзі жауап берді.

365INFO.KZ. «Түбі әшкере болады… Желтоқсанның құрбандары біз ойлағаннан әлдеқайда көп» - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің ақиқаты әлі толық ашыла қойған жоқ. Бірақ түбі бір шындық белгілі болар хақ.


11 маусым 2018, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.