Атырау, 26 қараша 03:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Павлодар облысынан шақыртылған сарбаз жарты жыл бойы түрлі қалаларда емделіп, Атырауда туберкулез менингитінен қайтыс болды

3 457 просмотра


Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, №2016 әскери бөлімінің (ҚР ҰҚК Шекара қызметі) жедел қызмет сарбазы 5 мамырда облыстық ауруханаға ауыр жағдайда түскен.

Зертханалық талдамалар туберкулез сырқатын растап, пациент облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне ауыстырылады. Ол жерде арнайы ем алады, сырқаты ауыр болып, асқынып кетеді. Кейін туберкулез менингиті сатысына өтеді. Әскери қызметкердің бірнеше ай бойы ауырып, әр түрлі қалаларда емделгені анықталды.

Қазір денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізуде, тексеру нәтижесі туберкулездің нақты асқыну себептерін анықтайды. Дәрігерлер Павлодар облысының Ақсу қаласынан шақыртылған әскери қызметшінің менингококк менингитінің инфекциясынан көз жұмбағанын нақтылайды.

Жеке ақпарат

9 маусым 2018, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.