Атырау, 30 қараша 05:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Иран үкіметі ел халқын «Иерусалим күнінде» жаппай ереуілге шығуға шақырды

2 118 просмотра


Иран үкіметі екі күн бұрын ресми мәлімдеме таратып, ел халқын, әр ұлттың өкілдерін, барлық саяси топтарды Халықаралық Иерусалим күніне орай жаппай ереуілге шығуға үндеді. Бұл туралы Иранның ресми ақпарат құралдары хабарлады. 

ИИР үкіметінің мәлімдемесінде: «Бұл реткі Дүниежүзілік Құдыс күні сионистік режим мен АҚШ-тың аймақтағы одақтастарынан қолдау тауып, арандату әрекеттерін жасағанына, әлем мұсылмандарының арманын аяқасты еткеніне, Газадағы қарусыз палестиналықтарды қырған әрекеттеріне наразылық ретінде өтеді», – делінген. 

Елдің ең жоғары көсемі имам Хомейни: «Иранның бастамашылығымен жолға қойылған «Құдыс күнінің» палестиналықтарды қолдаудың символына айналды», – деп бағалаған.

Құдыс күні Иранда жыл сайын дабыралы шерулермен өтіп келеді. Әр рамазан айының соңғы жұмасы «Иерусалим күні» етіп белгіленген. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

8 маусым 2018, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.