Атырау, 19 желтоқсан 06:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Несие шақыратын сапарда қайтарым жайлы айтылмайды», «Әлеуметтік мәнін министрлікте жоғалтқан сырқаттар», «Мәссаған, мұны Ақорда біле ме?», «Атамбаев серіктерін қамауды "кек алу" деп атады», «Цифрландыру мұнай саласына шоғырландырылуы керек».

1 969 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Несие шақыратын сапарда қайтарым жайлы айтылмайды» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға кезекті мәрте ресми сапары басталған күні Қазақстанның Қытайдан 730 млн доллар көлемінде несие алатыны белгілі болды. 

«Әлеуметтік мәнін министрлікте жоғалтқан сырқаттар» - Денсаулық сақтау министрлігі "әлеуметтік мәні бар аурулар тізімін" қысқартуды көздеп отыр. Бұл жайт бірқатар науқас баланың ата-аналары мен сарапшылардың наразылығын тудырды.

«Атамбаев серіктерін қамауды "кек алу" деп атады» - Қырғызстан социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) жетекшісі, экс-президент Алмазбек Атамбаев партиялас үш серігі – бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков, Бішкектің экс-мэрі Кубанычбек Кулматов және парламент депутаты Осмонбек Артықбаевты қамауға қатысты "саяси мәлімдеме" таратты. Ол аталған үш адамды қамауды – " коррупциямен күрес емес, кек алу" деп санайды. Саясаткерлерді қамауға қатысты қоғам пікірі әрқилы.

«Апелляциялық сот ОСС кәсіподағын жабу ісін кері қайтарды» - Oil Construction Company (OCC) мұнайшылары тәуелсіз кәсіподағын жабу туралы Маңғыстау облысы әкімінің талабын қанағаттандырған сот шешіміне қатысты жауапкердің шағымын қараған облыстық соттың апелляциялық алқасы істі алғашқы сот инстанциясына қайтарды.

365INFO.KZ. «Мәссаған, мұны Ақорда біле ме?» - Мирзияев Қазақстаннан озудың жоспарын жасап қойыпты. Мардымды мұнай өндірісі болмаса да сауатты басшылықтың арқасында енді бір 10-12 жылдан кейін, Өзбекстан Қазақстанды қуып жетіп, басып озуы әбден мүмкін.

«Стандартты өсірудеміз» - Министр жаңартылатын энергия нарығы бойынша есеп берді. Жақында Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы Министрлік жұмысының нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес алдында есеп берді, деп хабарлайды аталмыш министрліктің баспасөз қызметі.

 «Цифрландыру мұнай саласына шоғырландырылуы керек» - Оразғали Селтеев, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы: – Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы қандай әлемдік сын-қатердің алдында тұр?

«Мұхамеджан Тазабек, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: “Ел түзелсін десең, өзіңнен баста”» - Телеарна – ақпарат құралы болған­дықтан, заман үрдісінен қалуға әсте бол­майды. Рухани һәм технологиялық тұр­ғыдан әрдайым алдыңғы қатарда болуың керек.


8 маусым 2018, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.