3 маусым күні басталған Гватемаладағы Фуэго жанартауының атқылауы салдарынан қаза болғандар саны 109 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Атап өтілгендей, бейсенбі күні құтқарушылардың жұмыстары қауіпті жағдайларға байланысты уақытша тоқтатылды.
Бұл Фуэго жанартауының соңғы қырық жылда ең қуатты атқылауы. Жойқынды лава үлкен жылдамдықпен жылжып, жақын орналасқан қалаларға, ондағы 1,7 млн адамға зардабын тигізді.
Бұған дейін ажал құшқан 69 адам туралы айтылған еді. Адамдардың қаза болуларына байланысты Гватемалада қаралы күн жарияланды. Испан тілінде «жалын жанартауы» деп аталатын Volcan de Fuego-ның биіктігі 3,7 шақырым. Ол ел астанасы Гватемаладан 40 шақырым шақықтықта орналасқан.
Дереккөз: inform.kz