Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфирде үшінші дүниежүзілік соғыстың болу ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
«Үшінші дүниежүзілік соғыс бүгінгі өркениеттің соңы болады деген сөз бізді халықаралық аренада төтенше және ең соңғы әрекеттерден ұстап қалмауы керек», - деді Путин.
Сонымен қатар, оның айтуынша, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаһандық проблемалар болған жоқ. Себебі әлемнің алдыңғы қатарлы державалары арасында стратегиялық паритет қойылды.
«Бір-бірін жойып жіберуден қауіптену державаларды шұғыл әрекет етуден сақтап, бір-бірін құрметтеуге мәжбүрледі», - деді президент.
Ауқымды әскери қимылдардың қаупі туралы пікірін физик-теоритик Альберт Эйнштейннің сөзімен келтірді.
«Үшінші дүниежүзілік соғыстың қандай жолмен болатынын білмеймін, бірақ төртіншіде таяқ және таспен төбелес болады», - деді РФ басшысы.
Айта кетсек, бүгін РФ президенті Владимир Путин 16-шы рет ресейліктердің сұрақтарына онлайн режимде жауап беріп жатыр.
Дереккөз: Baq.kz