Бүгін, 7 маусымда, «Атырау» мәдени орталығының ғимаратын бұзу кезінде (оның орнына екінші «ақ үйді» салу жоспарланған) жас жұмысшы - Өзбекстан азаматы төбеден құлап, сол жерде көз жұмды.
Мердігер мекеме - «Волстранссервис» ЖШС өкілі Мәрлен АДРЕШЕВ қайғылы оқиғаны былай деп түсіндіреді:
- Қаза болған Айдос Өзбекбаев ғимарат қаптамасының бекітілмеген жерін басып кетіп, абайсызда биіктен құлап кеткен. Біз өзімізді жауапкершіліктен босатпаймыз, бірақ ғимараттың апатты деп танылғанын, көп ереже бұзушылықтармен салынғанын, алюкобондтан жасалынған қаптама нығайтылған элементтерсіз жасалғанын ескеру керек. Бүкіл жерлеу шығындарын өз мойнымызға алып, отбасына материалдық көмек көрсетеміз.
Облыстық әкімдіктегілер жұмысшының қаза болу себебін тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттер автордікі және Өңірлік коммуникациялар қызметінен