Атырау, 30 қараша 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Еуродақ елдері де 1-шілдеден бастап АҚШ тауарларына салық енгізбекші

1 626 просмотра


Еуропа одағы (ЕО) АҚШ-тан импортталатын тауарларға шілде айынан бастап баж салығын енгізуі мүмкін. Бұл туралы 20minutes.fr агенттігі Еурокомиссияның 6 маусымдағы мәлімдемесіне сілтеме жасап, хабарлайды. 

Еуропа Одағы АҚШ-тың ЕО-қа мүше елдерден шығарылатын болат пен алюминийге салық енгізу шешіміне жауап ретінде америкалық кейбір тауарларға шілде айынан бастап қосымша салық салуы мүмкін. Еуропа Одағы мүшелері де Еурокомиссияның америкалық импортталатын өнімдерге 2,8 миллиард еуро (3,4 миллиард $) көлемінде салық енгізу туралы жоспарын құптауда. 

Себебі, ЕО-ға мүше елдердің барлығы Вашингтонның әрекетін заңсыз деп санайды. 

"Еурокомиссия мүше елдермен (ЕО-қа мүше елдер — ред.) серіктестік жасай отырып, шілде айында жаңа салықты енгізуді бастау үшін қазірден бастап қажетті іс-шараларды қолға алады", - деген Еурокомиссияның вице-президенті Марош Шефчович баспасөз жиынында. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

7 маусым 2018, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.