Атырау, 30 қараша 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Трамп адвокаты: Ким Чен Ын тізерлеп отырып жалынды

1 936 просмотра


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін америкалық делегациядан тізерлеп отырып, рұқсат сұраған. Бұл туралы Ақ үй адвокаты Рудольф Джулиани "Bloomberg" агенттігіне берген сұқбатында айтқан. 

Рудольф Джулиани "Олар біздің вице-президентке және ұлттық қорғаныс жөніндегі кеңесшімізге тіл тигізді. Олар ядролық соғыс жариялап, кескілескен ұрыста бізді талқандаймыз деп сес көрсетті. Осыдан кейін біз саммит өткізуден бас тарттық. Мұны естіген Ким Чен Ын біздің делегациядан кездесу өткізуден бас тартпауымызды өтініп, тізерлеп отырып жалынды" - дейді, Рудольф Джулиани. 

Өткен айдың соңында Трамп Солтүстік Корея басшысына хат жазып, саммит өткізуден бас тартқанын мәлімдеген еді. Тараптар жиыны осыған дейін Сингапурде өтеді деп жоспарланған. 

Алайда оған корейлік тарап қатыспағандықтан, басқосу түбінде ұйымдастырылмады. Енді, қос ел президенті ымыраласып, сиырқұйымшақтанған жиынды ақыры ың-шыңсыз өткізуге уағдаласқан екен. Соңғы мәлімет бойынша, тараптар 12 маусым күні Сентос аралында жолықпақ. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

7 маусым 2018, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.