Кеше Құрама Штат президенті Дональд Трамп мұсылман елдерінің өкілдеріне ауызашар берді. Бұл оның президент болғаннан бергі алғаш рет ауызашар беруі. Трамп ауызашарда қонақтарына және әлем мұсылмандарына араб тілінде «Рамадан мүбәрак» деген сөзбен «батасын берді».
Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады. Трамптың ауызашар дастарханына Құрама Штаттағы мұсылман елдерінің елшілері, дипломатия қызметкерлері шақырылды. Ол сөз арасында әлемдегі серіктерімен, достарымен ауызашар дастарханында бас қосқанына қуанышты екенін де жеткізді.
Ол және ауызашардың әлемдік үлкен діндердің біріне тән қасиетті дәстүр екенін де атап өтті. АҚШ президенттерінің мұсылмандарға арнап ауызашар беруі президент Клинтон кезінін басталған.
Кіші Буш пен Обама кезінде де рамазан айына орай Ақ үйде ауызашар беріп келген. Алайда, Трамп президенттік мерзімінің алғашқы жылында бұл дәстүрді үзіп алып еді.
Дереккөз: “The Qazaq Times”