AZATTYQ.ORG. «Еуропарламентте Қытай қазақтары мәселесі қозғалды» - Мамырдың 15-і күні Еуропарламентте Қытайдағы этникалық қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы мәселе талқыланды. Азаттық жиынға қатысқан Еуропада тұратын этникалық қазақ Өмірхан Алтынмен сұхбаттасты.
«Ұсталғандар саны министр айтқандағыдан көп» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары басталды. Бұған дейін Астана "Қытайда ұсталған 170-тей этникалық қазақ" туралы мәлімет барын хабарлаған. Азаттық тілшісі сөйлескен кей азаматтар олардың саны бұдан әлдеқайда көп дейді.
365INFO.KZ. «Атамбаевтың адамы ма? Құрт!» - Жиэнбеков экс-президенттің командасын тас-талқан етті. Ал керек болса! Қырғызстан президенті Жиэнбеков пен оның командасы Атамбаевтың және оның серіктестерін шындап қыспаққа алған сыңайлы.
DALANEWS.KZ. «Жәкішев кімнің жолын кесті?» - Билік «Қазатомөндірістің» 25 пайызын кімге сатпақшы? Бұдан біздің ел не ұтады? Жәкішевті неге босатпай отыр? Мұхтар кімнің жолын кескен?
ABAI.KZ. «Қарапайым қазақ қызы Райханды құтқару керек!» - Сегіз жыл бойы соттан сотқа сүйретіліп, отбасын сергелдеңге салған бұл істің «нәтижесінде» Дариға Райымқұлованың күйеу баласы қайтыс болып, қызы Райхан екінші дәрежедегі мүгедектікке шалдыққан. Алайда, Жоғарғы Сот та, Бас прокуратура да бұл іске әлі күнге селқос қарап, еш алаңдатушылық танытып отырған жоқ. Қазақстан азаматының құқы бұзылып жатса, «елең етпеуге» еттері үйреніп кеткендей ме дерсің...
TURKYSTAN.KZ. «Сан түрлі ойыншық көз арбап...» - Қандай да бір затты не тауарды сатып аларда оның сапасы мен құрамына мән беру керек. Алайда күнделікті өмірде киер киім, ішер асымызға жете мән бермейтініміз жасырын емес. Дүкен ішінде, ірі супермаркеттерде заттардың сапасы мен шығарылған күніне қарайтындардың қатары сирек. Бірақ жоқ емес. Әсіресе, орыс ағайындар азық-түліктің мерзіміне қайта-қайта қарап, сезіктенетіні жиі. Ал біздер үшін заттың құрамы мен сапасын тексеру ұят секілді көрінеді.
«Британдық юмор: Борат және басқалар» - «Borat: Cultural Learnings of America for Make Benefit Glorious Nation of Kazakhstan» («Борат: Америка мәдениетін зерттеуді Қазақстан атты ғажайып елдің қажетіне жарату») фильмін көрген адам Қазақстанда көп емес. Әйтсе де, Борат туралы естігендер қарақұрым. Мұның себебі фильмнің айналасындағы дабыра-шудың көптігінен болса керек.
AIKYN.KZ. «Салықтың аз ғана түрін қалдыру қажет» - Салық жүйесі қазіргі кезде қоғамдағы аса маңызды мәселелер қатарында. Былайғы кезде мән бере бермейміз, бірақ салық – бүкіл мемлекеттің өн бойына қан таратар түпкі тамыры, жұлын-жүйкесі екенін ұмытпаған абзал. Себебі, азаматтар төлеген ақшадан бюджет жасақталады, түрлі бастамаларға ақша беріледі. Қазір салықтың түрі көп. Сарапшылардың айтуынша, оларды мейлінше ықшамдап, азаматтар үшін ыңғайлы ету керек. Осы орайда белгілі экономист Мақсат Халықпен сұхбат құрдық.