Атырау, 30 қараша 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Фуэго жанартауы атқылап, 100-ге жуық адам қайтыс болды

1 934 просмотра


Табиғи апат салдарынан мемлекеттің 1,7 млн тұрғыны зардап шекті. 200-ге жуық адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Гватемал мемлекетіндегі Фуэго жанартауының атқылауы салдарынан өлгендер саны 99 адам болды. Басылымның хабарлауынша, жанартау дәл бұлай қырық жылда алғаш рет атқылап тұр.

Елдімекендердің барлығы дерлік ыстық күлмен көмкерілгендіктен, іздестіру шараларын жүргізу қиынға соғып отыр.

Бұған дейін табиғи апаттан 84 адамның қайтыс болғаны туралы айтылған-ды. Мемлекет билігі Фуэгоға жақын орналасқан елдімекендердегі адамдарды эвакуациялады.

Естеріңізге сала кетсек, Фуэго жанартауы 3 маусым күні оянып, 10 км биіктікке дейін атқылаған еді.

Дереккөз: Baq.kz

7 маусым 2018, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.