Атырау, 30 қараша 05:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Трамп пен Ким кездесуі кезінде Сингапурде ұшақ ұшыруға тыйым салынады

1 342 просмотра


Жергілікті әуежайға ұшып бара жатқан ұшақтар жылдамдықтарын азайтып, басқа әуе жолдарын пайдаланатын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР лидері Ким Чен Ын қатысуымен өтетін саммит кезінде Сингапур әуесінде ұшақтардың ұшуына тыйым салынады. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мен АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы да ұшқыштарға дәл осындай ескерту жасады.

Ескерту қағазында 11-12-13 маусым күндері Сингапур әуе кеңістігі уақытша жабылатыны туралы жазылған. Ал Сингапур халықаралық Чанги әуежайына ұшып бара жатқан ұшақтар жылдамдықтарын азайтып, басқа жерге қонуға мәжбүр болады.

Естеріңізге сала кетсек, саммит өткізуге Сингапурдың Сентос арасындағы Capella қонақүйі таңдалған болатын.

Дереккөз: Baq.kz

7 маусым 2018, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.