- Біреулер дүрбелең туғызып, әлеуметтік желілерге ескі роликті таратып жіберген. Роликте 2015 жылы 25 қаңтарда Теңіз кенішінен түскен науқас туралы айтылады. Бізде мұндай науқастар жоқ, - деді облыстық №2 (жұқпалы аурулар) ауруханасының директоры Мұрат ҚҰЛБАСОВ. – Біздің дәрігерлердің тәжірибесі жеткілікті, бұл ауру өте жиі кездеседі, маусымдық сырқат. Біз толықтай жасақталғанбыз, препараттар жеткілікті. Дәрігерлер өздеріне сенімді, бастысы – сырқатты дер кезінде анықтап, жеткізу керек. Облыста менингиттің алдын алу мәселелері бойынша тәулік бойына колл-орталығы жұмыс істейді, дәрігер-инфекционистер мен эпидемиологтар кеңес береді, сұрақтарға жауап береді, тұрғындар берілген нөмірлерге суреттер жолдап, оған дереу комментарийлер алады.
Колл-орталығының нөмірлері: стационарлық - 8(7122) 980292, WhatsApp мессенджері бар ұялы - 87780072021.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА