Атырау, 30 қараша 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Италияның жаңа премьері: Ресейге қарсы санкцияны жою керек

1 793 просмотра


Италияның жаңа премьер-министрі Джузеппе Конте өзі басқаратын үкімет заңсыз иммиграцияны тоқтатуға және Ресеймен байланысты нығайтуға басымдық беретінін мәлімдеді.

"Біз Ресейге қатысты ашық болуды жақтаймыз" деді Конте Италия парламентінің жоғарғы палатасында. Ол ашықтық дегенде Еуропа Одағының (ЕО) Ресейге қарсы санкцияларының күшін тоқтатуды меңзейтінін, санкция "азаматтық қоғамға зардап шектіріп отырғанын" айтты. 5 маусымда парламент депутаттары жаңа популистік коалиция үкіметін қолдап дауыс берген.

Маусымда жаңа үкімет Канадада өтетін "Үлкен жетілік" елдерінің саммитіне және Брюссельде өтетін ЕО саммитіне қатысады. Бұл жиындарда босқындар мәселесі мен ЕО-ның қаржы айналымы саясаты мәселелері талқыланады деп болжанып отыр.

Конте Рим Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту кампаниясын алға жылжыту үшін ЕО-ның өзге елдерімен жиындарда "санкция жүйесін қайта қарауға септесетінін" айтты. "Біз түбегейлі өзгеріс жасағанымыз рас және соған мақтанамыз" деді Италия премьері.

Бұған дейін Венада сапарлап жүрген Ресей президенті Владимир Путин "санкцияның жойылуына барлығы", оның ішінде Мәскеу де мүдделі екенін мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

6 маусым 2018, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.