AZATTYQ.ORG. «Астанада жағдайың қалай, қарағым?» - Ресми дерек бойынша, Астанаға жыл сайын 50 мыңнан 100 мың адамға дейін қоныс аударады. Көшіп барған ішкі мигранттардың Астанадан баспана сатып алатын шамасы жоқ. Бала-шағасымен жатақхана, қосалқы бөлмелер мен саяжайларды паналап жүрген олардың тірнектеп тапқан ақшасының жартысынан көбі баспана жалдауға кетеді.
EGEMEN.KZ. «Медицина терминдерін қалай қазақшалап жүрміз?» - Бүкіл медицинаның терминдік жүйесін сала-салаға бөліп қарастырар болсақ, бір ғана анатомиялық және гистологиялық атаулар тізімінде 10 000-нан астам термин бар.
TODAY.KZ. «Қазақстанда соңғы он жылда парамен ұсталған шенеуніктердің қазіргі жай-күйі» - Today.kz редакциясы Қазақстанда соңғы 10 жылда парамен ұсталған министрлер мен олардың орынбасарларын еске түсіріп көрді.
«Халық арасына менингиттің таралуы экономикаға қалай әсер етеді» - Қазақстанда менингиттен көз жұмғандар саны артып келеді. Күні кеше Талдықорғанда 17 жастағы студент осы дерттен көз жұмды. Бұл осы өңірдегі менингиттен қайтыс болған төртінші адам. Биылғы жылы елімізде менингиттен 13 адам қайтыс болды. Олардың арасында балалар мен жасөспірімдер көп.
«Ақпарат беруде денсаулық сақтау министрлігі кеш қалды» - "Мысалы, АҚШ-та қандай да бір төтенше жағдай болса 45 секундтың ішінде хабар береді. Ақпаратты өршітіп алмайды. Ал бізді денсаулық сақтау министрлігі кеш қозғалды. Пресс-конференцияны кеш берді. Оған дейін Whats App желісінде бір сағаттың ішінде тарап, ақпарат өршіп кетті. Халық қорқа бастады. Ресми билік тарапынан берілетін ақпаратқа сенімділік түсіп кетті", – дейді Өркен Кенжебек.
«ҚР-да менингитке қарсы екпе салдырудың пайдасы бар ма» - "Фармаком" жеке вакцинация клиникасының өкілдері бізге өздерінде 1 500 вакцина бар екенін, екі вакцинация бөлімінің жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Екпе құны – 22 520 теңге. Екпе Бельгиядан әкелінген, аты "Нименрикс", оны бір жастан асқан балалар мен ересектерге салуға болады. Екпе салмастан бұрын дәрігерлер науқасты тексеріп, әлсіздік пайда болатынын, қызудың екпеден кейін екі-үш күн бойы көтерілетінін ескертеді. Вакцина 21 күннен кейін ағзаға әсер ете бастайды, 10 жылға дейін сақталады.
QAZAQUNI.KZ. «ОҚО орталығы Түркістанға көшіріледі: Не өзгереді, не салынады» - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында депутаттардың қарауына Шымкент қаласы халқының бір миллионға жетуіне орай, оған ерекше мәртебе беру мәселелері ұсынылды. Сондай-ақ облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру және осыған байланысты облыстың, Түркістан, Кентау қалаларының шекараларына өзгерістер енгізу жайы сөз болды.
AIKYN.KZ. «Бір жылда медициналық сақтандыру қорына 71,9 млрд теңге түсті» - Жалпы алғанда, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген медициналық сақтандыру жарнасының көлемі шамамен 71,9 млрд теңгені құрап отыр.
365INFO.KZ. «БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі: Назарбаев үлкен державалар алдына үлкен мәселе қойды» - Халықаралық аренада кеңінен талқыға түскен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бітімгершілік бастамалары шетелдік және қазақстандық сарапшылардың басты назарында болды.
BAQ.KZ. «Ақшаларды қалай қайтарамыз?» - Нығматулин орынсыз қарыз алған қаржы министрлігін сынға алды.