Атырау, 30 қараша 05:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Қытай Өзбекстанға 250 миллион доллар несие бермек

1 769 просмотра

Қытай Өзбекстан Ұлттық Банкіне 250 миллион доллар несие бермек. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, маусым айының 5-і күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсауында Бейжің қаласында Өзбекстан Ұлттық Банкі мен Қытай мемлекеттік даму Банкі өкілдері құны 250 миллион долларды құрайтын несие құжатына қол қойған. 

Қытай Банкі бөлетін қаржы алдағы уақытта Өзбекстандағы орта шағын бизнесті дамытуға жұмсалатын болады. Айта кететін бір жайт, қазіргі таңда Өзбекстанға салынған Қытай инвестициясы 8 миллиард доллардан асқан. 

Бұдан бөлек ел аумағында 700-ден астам Қытай капиталы бар кәсіп орын жұмыс істеуде. Олардың ішінде 90 кәсіп орын 100 пайыз Қытай компанияларына тиесілі. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

6 маусым 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.