Атырау, 17 желтоқсан 00:27
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Бішкектің экс-мэрі Кулматов қамалды

1 101 рет қаралды


5 маусымда Бішкек қаласының экс-мэрі Кубанычбек Кулматов қамауға алынды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Кулматовты қамау туралы шешімді Бішкектегі Первомайский аудандық соты шығарған. "Жемқорлық" айыбымен күдікке ілінген экс-мэр қамауда тергеу аяқталғанға дейін отырады.

Кулматовқа 18 мамырда "Коррупция" бабымен айып тағылып, дүние- мүлкі бұғатталған. Тергеу дерегінше, Кулматов Бішкек қаласын басқарып тұрғанда Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісіне бөлінген 2 миллион долларды заңсыз пайдаланған. Кулматов өзіне тағылған айыпты мойынамайды.

5 маусымда Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков та қамауға алынған. Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында "сыбайлас жемқорлық" айыбы тағылған. Ол да өзіне тағылған айыппен келіспейді.

Дереккөз: azattyq.org

6 маусым 2018, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.