Атырау, 30 қараша 05:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Нидерланды премьері парламентте кофе төгіп алып, еденді өзі жуды

Бейнежазба
1 472 просмотра


Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламент ғимаратында кофе төгіп алып, былғаған жерін өзі тазалады. 51 жастағы саясаткер қолына еденжуғыш құралды алып, тап-тұйнақтай етіп еден мен турникетті сүртті. Осы жағдайға Түркиядағы голландиялық елші Кис ван Бек куәгер болды. 

Ол өзі түсірген видеоны Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.  Видео авторы ғимаратты тазалаушы қызметшілердің таңданысын және премьердің әрекетіне риза болған әйелдердің қол шапалақтаған сәтін түсіріп алған.  Кейбір пікір қалдырушылар оның ісін "жарнама" деп жазды. 

Алайда дипломат Марк Рюттенің "шын мәнінде сондай адам" екенін түсіндірді. 

"Мен оның бірнеше рет Гаагада велосипедпен жүргенін көрдім", - деп жазды ван Бек.  Сондай-ақ ол Нидерланды премьер-министрі жайлы былай деп жазды: "Оның саясаткер болуына қарамастан, ол тым жақсы әрі қарапайым". 



Дереккөз: tengrinews.kz

6 маусым 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.