Бүгін Венгрия парламенті көші-қонға байланысты жаңа заң жобасын талқылайды. Заңнаманың ерекшелігі онда мигранттарға көмектескен тұрғындарды қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған.
Оған сәйкес босқындарға құжат толтырып, баспана сұрауға көмектескен және мигранттарға қолдау көрсететін ұйымдар құрған адамдарды жазаға тартылмақ. Құжат құқық қорғаушылардың наразылығын туғызып жатыр. Олар жоба адам құқықтарын өрескел бұзады дейді. Ал елдің ішкі істер министрлігі бұл халықтың қалауы екенін алға тартады.
Еске сала кетейік, 2015 жылы Еуропада көші-қон дағдарысы басталып, содан бері Кәрі құрлыққа 1,5 миллион мигрант келген. Дағдарыстың алғашқы жылында Венгрияға 390 мыңнан астам мигрант табан тіресе, биыл небәрі 203 босқын кіріпті.
Дереккөз: 24.kz