Атырау, 17 желтоқсан 00:29
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды

1 866 рет қаралды


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"2018 жылдың 5 маусымында Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа қатысты таңдалған бұлтартпау шарасы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына өзгерді", - делінген хабарламада. 

"Бұл әділетсіздік, сөз жоқ", - деді Исаков журналистерге. 29 мамырда қылмыстық іс аясында экс-премьерге елден кетпеу туралы қолхатпен жүру бұлтартпау шарасы қабылданған.  

Сондай-ақ, Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Бішкектің бұрынғы мэрі, Кеден қызметінің экс-басшысы Кубанычбек Кулматов қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Еске сала кетейік, Сапар Исаков парламенттің шешімімен қызметінен кеткен болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 маусым 2018, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.