Атырау, 24 қараша 14:39
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АМӨЗ цехы өртенді (жаңартылды)

3 093 просмотра

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің «112» шұғыл құтқару қызметіне дабыл 19 маусымда, сағат 18.58-де түсті.

ТЖ №1 насосты ЭЛОУ-АТВ қондырғысында орын алған. 20 маусым күні ТЖД мынадай мәліметті таратты: насос қондырғысында тұрба құбырларының герметизациясын жою көзделген Н-16 насосында мұнай өнімдерінің жануы  байқалды. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі ашық типтегі насос аумағында мұнай өнімдерінің ашық жанып жатқандығын анықтады. Олардың келуіне қарсы қондырғы тоқтатылып, токтан ажыратылған. Өрт алаңы 300 шаршы метрді (20х15 м) құрады. Өртті сөндіруге 9 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің беті 19 сағат 50 минутта  қайтарылып, 20 сағат 05 минутта толықтай сөндірілді» .

ЭЛОУ-АВТ қондырғысы 1969 жылы іске қосылды. Ол Мартыши және Маңғышлақ шикі мұнайының қоспасын жылына 3  млн тоннаға дейін өңдеуге және дайындауға арналған. Бұдан басқа, тікелей айдайтын бензиннен уайт-спирит, реактивті отын, дизель отыны, мазут, вакуумды газойль, гудрон шығарады.

- Тергеу ісімен Атырау облыстық ТЖД-нің анықтау бөлімі айналысуда. Өрттің себебі мен келтірілген зиян мөлшері анықталуда. Құрбан болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта зауыт қалыпты режим бойынша жұмыс жасап жатыр, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Самал ӘБИРОВА.

Біздің сайтымыздың мәліметтері бойынша 2008 жылдың қазан айында осы қондырғыда өрт орын алды. Сол кезде гудрон жанды. Онда да  зауыт өкілдері «өрт» сөзін «тұтану» деп айтуды қалаған еді. ЭЛОУ-АВТ қондырғысының тоқтатылуына байланысты жоғалған пайдаға келетін болсақ, АМӨЗ-дағы өздерін атауды жөн санамаған ақпарат көзі бізге былай деді:

- Осы орын алған ТЖ нәтижесінде зауыт ЭЛОУ-АВТ қондырғысында өңделетін шамамен 1 000 тоннадай тікелей айдайтын бензинді ала алмайды. АМӨЗ онсыз да шикі мұнаймен толық қамтылмаған. Айтпақшы, өткен жылы зауыт Жаңаөзеннен шамамен 400 мыңдай тонна шикі мұнайды ала алмады. Бұл шамамен зауыттың айлық жүктемесі.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

 

20 маусым 2012, 21:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.